×

Алматы облысында экономикалық соттың судьясы сотталды

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылады

 Динара Амантай 19.02.2024 | 10:46
Фото: Алматы обл. СЖҚА баспасөз қызметі

17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы сотпен бірлесіп, судьяның заңсыз қызметін тоқтатқан болатын. А. Абдрахманов Қарасай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асылбековтің көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асылбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген сот хабарламасында.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылады.

Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама