Қалада аяз күшейді
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
19 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін бірінші ауысымдағы оқушылар мен 1-2 курс студенттері онлайн оқыған еді.
2024 жылғы 19 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқиды, - деп жазылған хабарламада.