×

Астанада жиһаз цехы өртеніп жатыр

Өрт сөндіру штабы құрылды

 Динара Амантай 19.02.2024 | 10:10
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада жиһаз цехі өртеніп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін сағат 8:44 минутта елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары деңгейі бойынша ғимараттың жануы бойынша Көктал, 28 мекенжайына барды.

Өрт сөндірушілердің алдын ала берген ақпараты бойынша, 500 шаршы метр аумақта жиһаз жасайтын цехтың өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру штабы құрылды.

Қазір өртті сөндіру жұмыстарына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 54 адамы мен 12 техникасы, сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама