×

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 15 азамат іздеуде жүр

Елде заңсыз ойын бизнесі бойынша қылмыстық істер азайған

 Ербол Тұрымбет 19.02.2024 | 10:01
фото: egemen.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы қаржылық мониторинг органдарының өндірісінде заңсыз ойын бизнесі бойынша 95 қылмыстық іс болған. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе аз (2022 ж. – 170).

2022 жылы заңсыз ойын бизнесі фактілері бойынша сотқа дейінгі 135 тергеу тіркелген болса, былтыр бұл көрсеткіш қысқарып, 82 іс тергелген.

Агенттік дерегі бойынша, 2023 жылы 27 астыртын және 10 онлайн казино, 16 компьютерлік зал, 9 букмекерлік кеңсе және әлеуметтік желі арқылы ойын тарататын 6 онлайн ойын-сауық, бизнес сайтының қызметі тоқтатылған.

Заңсыз құмар ойындарды тарататын шетелдік сайттар мен аккаунттарды бұғаттау бойынша қабылданған алдын алу шаралары нәтижесінде былтыр 4,2 мың сілтеме бұғатталды.

Заңсыз айналымнан ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулеткалар, жалпы алғанда 1 555 заттай айғақ және 98,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленді. Жалпы көлемі 270 278 071 теңгеге бағаланатын мүлікке тыйым салынды. Алынған қылмыстық табыс қаражаты 70 519 329 теңгені қамтыды, – делінген агенттіктің ресми жауабында.

Сонымен қатар, қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 15 азаматқа іздеу жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама