Halyq Uni логотип
×

45 градус аяз, бұрқасын, тұман: 19 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі.

 Халық үні 18.02.2024 | 19:31
45 градус аяз, бұрқасын, тұман: 19 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: oir.mobi

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 19 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қармен жаяу бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшейюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  тұман күтіледі.

Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 35-39 градус күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама