Halyq Uni логотип
×

Министр «Ирина Кайратовна» тобының концертіне қатысты пікір білдірді

Халықтың ашуы орынды... 

Министр «Ирина Кайратовна» тобының концертіне қатысты пікір білдірді
коллаж: Halyq Uni

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы концертте орын алған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Айтуынша, көпшілік талқылап жатқан концертті ұйымдастыруға Мәдениет және спорт министрлігінің қатысы жоқ. 

«Мәдениет және спорт министрі әрі Қазақстан азаматы ретінде мен сахна төрінде келеңсіз жағдайдың орын алуына мүлдем қарсымын. Сахна – киелі орын. Сахна мәдениетін сақтамағандарды, бейәдет сөйлегендерді, олардың бәрін былай қойғанда елдігіміздің нышаны саналатын қастерлі атрибуттарымызға құрметсіздік танытқандарды ешқандай ақтап алуға келмейді. Жағдайға қатысы бар азаматтар өз қателігін ескеріп, сабақ алады деп ойлаймын. Дегенмен концерт ұйымдастырушылары міндетті түрде жауапқа тартылуы керек. Халықтың ашуы орынды. Көк Туымыздан ешқайсымыз биік емеспіз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама