×

Қарағандыда жер үйде жарылыс болып, адамдар құтқарылды (ВИДЕО)

Жеті адамның өмірі сақталып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 18.02.2024 | 12:01
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанда, бу жылыту қазандығы жарылып, соның салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. 

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. 

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 

Өртті сөндіруге ТЖД, Апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам кірісіп, 13 техника жұмылдырылды.

Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды. Себептері анықталуда, – делінген хабарламада.

Тұрғын үйдегі жарылыстың салдарын анықтау мақсатында үйінді арасынан екі 5 литрлік газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған күйде табылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама