Жарылғыш зат немесе құжаттар болуы мүмкін екені туралы хабар түсті
Әлеуметтік желіде Астана қаласының Тұран даңғылындағы аялдамалардың бірінен күдікті зат табылып, полиция маңайды қоршауға алғаны туралы мәлімет тараған.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап, ресми мәлімет ұсынды.
«Полиция департаментіне Тұран даңғылындағы «Анвар» супермаркетіне қарама-қарсы орналасқан аялдамада гитара табылғаны, оның ішінде жарылғыш зат немесе құжаттар болуы мүмкін екені туралы хабар түсті. Тексеру қорытындысы бойынша, аялдамадағы зат құрылыстан қалған, ешқандай қаупі жоқ қоқыс екені анықталды», - делінген полиция мәліметінде.