×

Елордада аялдамалардың біріндегі күдікті зат тұрғындарды дүрліктірді

Жарылғыш зат немесе құжаттар болуы мүмкін екені туралы хабар түсті

 Халық үні 17.02.2024 | 22:26
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Астана қаласының Тұран даңғылындағы аялдамалардың бірінен күдікті зат табылып, полиция маңайды қоршауға алғаны туралы мәлімет тараған. 

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап, ресми мәлімет ұсынды.

«Полиция департаментіне Тұран даңғылындағы «Анвар» супермаркетіне қарама-қарсы орналасқан аялдамада гитара табылғаны, оның ішінде жарылғыш зат немесе құжаттар болуы мүмкін екені туралы хабар түсті. Тексеру қорытындысы бойынша, аялдамадағы зат құрылыстан қалған, ешқандай қаупі жоқ қоқыс екені анықталды», - делінген полиция мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама