Halyq Uni логотип
×

БҚО-да полицейге бағынбаған тұрғын жазаланды

Оған ірі көлемде айыппұл салынды

 Динара Амантай 17.02.2024 | 17:16
БҚО-да полицейге бағынбаған тұрғын жазаланды
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында полицейге бағынбаған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәйтерек аудандық сотының мәліметінше, көліктік бақылау органдары қызметкерілері ауа-райының қолайсыздығына байланысты Бәйтерек ауданының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған ер адамқа қатысты әкімшілік іс қаралған. Сотта азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

Сот кінәлінің жеке басын, оның ішінде құқықбұзушылық жасағанға дейiн және одан кейiн мiнез-құлқын ескере отырып, оған 40 АЕК мөлшерінде, яғни 147 мың 680 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде әрекетіне өкінуі, мүліктік жағдайы ескеріліп, айыппұл көлемі 30%-ға азайтылды, – делінген сот хабарламасында..

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама