×

Петропавлда 2 қабатты үйден өрт шықты

2 адам ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 17.02.2024 | 15:03
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда 2 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда сағат 12:11-де 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында өрт шыққан.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы – 70 шаршы метр. Құтқарушылар 2 адамды құтқарып, ауруханаға жатқызды. 3 адам баспалдақпен эвакуацияланды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт 12:57-де оқшауланып, 13:11-де сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 21 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама