Halyq Uni логотип
×

Коммунистік партияның болуы - қуған-сүргін құрбандарын мазақ ету - алаштанушы (ВИДЕО)

Ұлттық намысымызды аяққа таптау, дейді ол

Коммунистік партияның болуы - қуған-сүргін құрбандарын мазақ ету - алаштанушы (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы елімізде коммунистік идеологияның насихатталуына заңнамалық түрде тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы ол «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Қазақстанда осы күнге дейін коммунистік партияның қалуы, ол аздай оның парламентте депутаттары болуы, бұл жаппай қуғын-сүргін құрбандарының әруақтарына - мазақ. Ұлттық намысымызды аяққа таптау деп білем», - дейді тарихшы.

Оның айтуынша, қазіргі Халық партиясының атауын қалай өзгертсе де, коммунистік партия болып қалады. 

«Жалпы коммунистік партияның болуына, мәңгілік тыйым салып, коммунистік идеологияның насихатталуына заңнамалық түрде тыйым салу керек», - деп түйіндеді ол сөзін. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама