×

Еліміздің 8 облысында жолдар жабылды

Автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды

 Динара Амантай 17.02.2024 | 11:11
фото: alataunews.kz

Бүгін сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысында жалпы ұзындығы 411 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

  1. «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау ауылы-Боғас ауылы;
  2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Аягөз қаласы-Боғас ауылы.

Алматы облысында жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

  1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
  2. «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 589 шақырым болатын 4 автомобиль жолында:

  1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» – Белоусовка кенті-Риддер қаласы;
  2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»;
  3. «Омбы-Майқапшағай» – Абай облысының шекарасы-Зайсан қаласы-Үлкен Қаратал ауылы-ҚХР шекарасы
  4. «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» – Дайыр ауылы-Марқакөл ауылы.

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 174 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» – Алматы облысының шекарасы-Қайнар ауылы, Кенен ауылы. Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады.

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 123 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

  1. «Үшарал-Достық» – Көктума бекеті-Достық бекеті;
  2. «Сарыөзек-Көктал» – Алтын Емел асуы.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 230 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

  1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» – Возвышенка ауылы-Рощинское ауылы;
  2. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» – Кішкене көл-РФ шекарасы.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автомобиль жолында:

  1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы.

Қазір республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама