Еліміздің 8 облысында жолдар жабылды
Автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды
Бүгін сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тас жолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Абай облысында жалпы ұзындығы 411 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау ауылы-Боғас ауылы;
- «Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Аягөз қаласы-Боғас ауылы.
Алматы облысында жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
- «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы.
Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 589 шақырым болатын 4 автомобиль жолында:
- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» – Белоусовка кенті-Риддер қаласы;
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»;
- «Омбы-Майқапшағай» – Абай облысының шекарасы-Зайсан қаласы-Үлкен Қаратал ауылы-ҚХР шекарасы
- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» – Дайыр ауылы-Марқакөл ауылы.
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 174 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:
- «Алматы-Ташкент-Термез» – Алматы облысының шекарасы-Қайнар ауылы, Кенен ауылы. Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады.
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 123 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Үшарал-Достық» – Көктума бекеті-Достық бекеті;
- «Сарыөзек-Көктал» – Алтын Емел асуы.
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:
- «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 230 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» – Возвышенка ауылы-Рощинское ауылы;
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» – Кішкене көл-РФ шекарасы.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автомобиль жолында:
- «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы.
Қазір республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды.