Halyq Uni логотип
×

«35-40 градус аяз, 100 жол учаскесінде шектеу»: Көлік министрлігі үндеу жасады

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады.

 Халық үні 16.02.2024 | 20:26
«35-40 градус аяз, 100 жол учаскесінде шектеу»: Көлік министрлігі үндеу жасады
фото: el.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады.

Мәселен, 16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген болатын.

«Ауа температурасының –35 °C дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз», – деді вице-министр өз сөзінде.  

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеу шаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам жолшы тартылған. Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, жолшы мамандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –40°C-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер сақталатын болады», – деді көлік вице-министрі.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама