×

Кісі өлтіру күдігіне іліккен ресейлік кәсіпкер Қазақстанда іздестіріліп жатыр

Іздестіру Алматыда 12 ақпанда жарияланған

 Еркеғали Болатұлы 16.02.2024 | 17:13
фото: Halyq Uni

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында ресейлік кәсіпкер Михаил Сутягинскийге Қазақстанда іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Алматы қаласының ПД өкілдері мән-жайды толығырақ айтып берді.

Іздестіру Алматыда 12 ақпанда жарияланған. Бастамашы – ҚР Ішкі істер министрлігі.

Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне Сутягинскийге қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын айтқан.

Алматы қаласының полиция департаменті М.А. Сутягинский ісі («Адам өлтіру») бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен тергеу жүргізіп жатыр. Ол 30 қаңтарда кісі өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар күдікті адам деп танылды, - деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бүгінде ресейлік кәсіпкерге қатысты соттың сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы бекітілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама