×

Жібек Құламбаева ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ойнап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2024 | 16:16
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоудан айласын асырды.

Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Құламбаева-Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама