×

Мұнай қаржысын жапа шеккендерге өтемақы етіп беру керек - алаштанушы (ВИДЕО)

Ғалымдар материалдық көмекті ел билігінің өз қолынан да келетінін айтады.

Мұндай пікір «Сұрауы бар» Youtube арнасының саяси-қуғын сүргін, ашаршылық тақырыптарына қатысты тарихшылардың қатысуымен өткен подкастында айтылды. 

Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы әр саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпағына бюджеттен төлем қарастыруды ұсынды. 

«Жаппай қуғын сүргін құрбандарын заңды ақтаудың ешқандай қажеті жоқ. Осылайша біз оны бюрократияға айналдырып отырмыз. Бұлар қазір ең бастысы – моральдық және материалдық жағынан қолдауға мәжбүр. Өйткені жүйе оларды азаптап, атып қана қойған жоқ, олардың бүкіл дүние-мүлкін, малын, үйін, рудың меншіктегін жерлеріне дейін де алып қойды. Мұндай мысал Шығыс Еуропа елдерінде болды. Оларға өткен замандағы дүниесін қайтарып берді», - дейді Сұлтан Аққұлұлы.

Ғалымдар өтемді Мәскеуден талап етуге Қазақстанның қауқары жетпейтінін, материалдық көмекті ел билігінің өз қолынан да келетінін айтады.

«Мемлекеттік қазынамыз біз төлейтін салықтың ғана емес, жер асты байлығынан түсетін қыруар пайдадан да толтырылады. Әр азаматқа 4-5 тонна мұнайдан келеді. Осы қаржыдан қуғын-сүргіннен жапа шеккендердің қазіргі ұрпағына үлестіріп беруге болады», - дейді ғалым.

Алайда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі Еркін Әбіл бұл пікірмен келіспейді.

«Бюджет деген біріншіден өзіміздің салықтан қалыптасқан қаражат. Ал қазақтың арасында қуғын-сүргіннен зардап шекпеген адам жоқ. Құжаттарды қарасаң ұжымдастыру кезінің өзінде ғана 867000 адам зардап шеккен. Әрбір жанұяда бар сондай адам. Сонда қуғын көрген бір әулеттің адамы басқа тура сондай тағдыры бар отбасыға төлеп тұра ма? Бюджет халықтың ақшасы ғой. Өзімізге қалай төлейсіз? Халықаралық деңгейде шешім керек», - дейді Еркін Әбіл. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама