Halyq Uni логотип
×

Сыртқы істер министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Қос тарап елімізде өтетін іс-шараларды талқылады

 Дәурен Ерболат 16.02.2024 | 14:41
Сыртқы істер министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Қос тарап Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған, елімізде өтуге тиіс іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

2024 жылғы маусымға жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысын ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды, - деп жазылған хабарламада.

Биыл 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстанға өткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама