×

Ақордадан бұйрық болса, қуғын-сүргін туралы кез келген шындықты ашуға болады - тарихшы (ВИДЕО)

Шындық түгел ашылады дегенге сенбеймін, дейді ол

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мен оның жұмысы туралы ойымен тарихшы, алаштанушы-ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатына айтты. 

«Біз неге мұндай комиссияны соншама кеш құрдық? Оның басты сыры – 91 жылы Тәуелсіздік алғанда коммунистер елдің билігінде қалды. Ақордадан бұйрық болса, кез келген құжатты ашуға болады. Жоғары саяси биліктің құлқы болмағанынан ақтауды енді бастап отырмыз. Мені мемлекеттік комиссияға бір емес, бірнеше рет шақырды. Принципті түрде бармадым. Комиссияның құрылуы да, жұмысы да қолдан баяулатылып отыр. Шындық түгел ашылады дегенге сенбеймін. Сол себепті жұмысына қарсымын», - дейді ғалым. 

Комиссия мүшесі Еркін Әбіл комиссияның негізгі міндеті толық ақиқатты ашу емес екенін алға тартады. 

«Комиссия мақсаты – заңдарды, алгортим жасау. Ал бүкіл шындықты ашу үшін Украина, Польша сияқты тарихи жад институтын ашып, соған бүкіл мүмкіндікті беру керек. Жұмыстың көлемі өте үлкен. 40-50 адамның қолынан ол келмейді», - дейді ғалым. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45