Halyq Uni логотип
×

Жалған нөмірлі көлік айдаған қария жауапқа тартылды

Cотта қария өзінің кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді

 Динара Амантай 16.02.2024 | 12:13
Жалған нөмірлі көлік айдаған қария жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында жалған нөмірлі көлік айдаған қария жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың қаңтарында полиция қызметкерлері жалған тіркеу белгісімен көлік жүргізген Б. Момышұлы ауылының 66 жастағы тұрғынын тоқтатқан. Жүргізушінің жеке көлігіне мекемеге тиесілі тіркеу нөмірін орнатқаны белгілі болды.

Cотта қария өзінің кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді. Ол көлікке өз қызметтік көлігінің нөмірін немересі орнатқанын айтты.

Сот қаулысымен азамат У. ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-1 -бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 103 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама