Halyq Uni логотип
×

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Лауазымды тұлға 4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді

 Ербол Тұрымбет 27.05.2022 | 18:34
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қамауға алынды
фото: yujanka.kz

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, биыл 5 ай ішінде Қазақстанда жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама