Желіде Астанада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Baq.kz.
Алайда қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпаратты растамады.
15 ақпанда сағат 23-35-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37, «Хан Шатыр» СОО мекенжайына шақыртудың жоғары нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша ғимаратты дереу барлауға кірісті. Барлау қорытындысы бойынша жану фактісі расталмады, сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратының сыртындағы шыңында булану орын алған, - делінген ведомство хабарламасында.