2026 жылы әуе таксиі пайда болады
Ол автокөлікпен 30-40 минутта жететін жерге 10 минутта ұшып бара алады
Біріккен Араб Әмірліктері Дубай қаласының Көлік және жол департаменті АҚШ-тың Joby Aviation компаниясымен келісімге келіп, 2026 жылдан бастап әуе таксиін шығаратын болды, деп хабарлады mashnews.ru.
Joby Aviation компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Джобен Бевирт Khaleej Times-қа берген сұхбатында әуе таксиінің жылдамдығы сағатына 320 шақырым болатынын айтты. Оның айтуынша, такси Дубайдан Пальм-Джумейра жасанды аралына 10 минутқа дейін ұшып бара алады. Ал автокөлік қаладан аралға 30-40 минутта ғана жетеді.
Соңғы 10 жылда БАӘ жақсы дамып жатыр. Біріккен Араб Әмірліктері, соның ішінде Дубай бүкіл әлемге қарқынды дамып келе жатқан қала екенін көрсетіп отыр. Бұл ел дүниежүзінің барлық халқын өзіне магнитше тартып келеді. Қаланың мақсаты айқын, оның халқы да жұмысты құлшынып істейді, – деді Joby Aviation-ның басшысы Джобен Бевирт.
Оның айтуынша, ұшақтың экологияға зияны жоқ. Бұл көлік түрі 2017 жылдан бері АҚШ-та сынақтан өткізіліп келеді. Қазір әуе таксиіне федералды авиация әкімшілігінің қауіпсіздік сертификатын алу үшін жұмыс істеліп жатыр.