Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1 475 жолшы жұмылдырылды
Қазақстандағы 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
15 ақпанда сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1 475 жолшы жұмылдырылып отыр», - делінген хабарламада.