Теннисші жұптық сында жарысқа қатысып жатыр
Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландта өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли мен қытайлық Лю Фанчжоуды жеңді.
Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.
Құламбаева-Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңді.