Прокуратура орман заңнамаларын бұзушылықтарды анықтады
СҚО прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында Орман кодексі талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді елемеуін оның 534 гектар аумақта ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеуінен, сондай-ақ ағаш жіберуді орындамағандықтарынан көруге болады. Орман шаруашылығының лауазым иелері осы шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылауды іске асыру үшін шаралар қабылдамаған.
Тағы бір жағдайда облыстың орман шаруашылықтары (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы, жеке тұлғаларға ағаш сатуға орман билеттерін заңда белгіленген нормадан жоғары көлемде берген.
Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн теңге көлемінде ормандарды қайта толықтыру төлемі өндірілді. Сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылданып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.
Орман заңнамаларын сақтау мәселесі тұрақты бақылауда.