Алматыда тағы да жер сілкінді
ТЖМ азматтарға сабыр сақтауға кеңес береді
Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен бүгін сағат 9:52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында – 2 балл. Жағдай тұрақты, – делінген ТЖМ хабарламасында
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.