Колумбияда әлем чемпионын атып кетті
Спортшының қазасы есірткі бизнесіне қатысты болуы мүмкін
Колумбияда велоспорттан әлем чемпионы Хайме Альберто Рестрепо қаза тапты.
Бұл туралы El Tiempo порталына сілтеме жасаған sportrbc.ru хабарлады.
Оқиға 23 мамыр күні Сьюдад-Боливар қаласында болған. Сол күні кешке жақын қаланың басты көшесінде Рестрепоның жанына мотоциклмен екі адам келіп, соның біреуі спортшыны атып кеткен. Рестрепо бірден қаза тапқан.
Антьокия аймағы полиция департаментінің хабарлауынша, спортшының қазасы есірткі бизнесіне қатысты болуы мүмкін. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Оқ атқан адамның бірі ұсталған. Одан 38-калибрлы тапанша да табылған.
Рестрепо жастар арасында командалық жарыста әлем чемпионы атанған. Оның соңғы командасы румыниялық Team Novak болған.
Колумбияда 1994 жылы белгісіз біреулер футболдан ұлттық құрама команданың ойыншысы Андрес Эскобар Сальдарриаганы әлем чемпионатында АҚШ-пен болған матчта өз елінің қақпасына қол соққаны үшін атып кеткен еді.