Рыбакина Доха турнирінде тағы да жеңіске жетті
Енді теннисші 1/2 финалда 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисімен кездеседі
Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Бұл жарыста Рыбакина үшінші ракетка болып тіркеліп, үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 23-орында тұрған америкалық 22 жастағы спортшы Эмма Наварромен кездесті. Оның алдында ол Қытай теннісшісі Чжу Линьді жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын. Ал Наварромен ойында Рыбакина матчты жақсы бастап, бірінші партияда 5:0 есебімен алға шығып, сетті 6:1 есебімен жеңді.
Екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті. Ол 7:6 (8:6) есебімен басым түсті.
Үшінші, шешуші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Содан кейін қарсыласына ұпай жинауға мүмкіндік бермей, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Мачт 2 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын жақсы пайдаланып кетті.
Енді Рыбакинаны жартылай финал күтіп тұр. Ол ½ финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.