Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты
Шымкентте адам өлтірді деген күдікті «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта жасалған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп, ізін суытқан.
Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлікті ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.
Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.