×

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынған

 Халық үні 14.02.2024 | 22:46
Фото: inform.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралған.

«Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», - делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама