Таразда танысына пәтерін сатқан тұрғынды риэлтор сотқа берді

Динара Амантай

Үйдің иесіне айыппұл салынды

Фото: golos-naroda.kz

Таразда танысына пәтерін сатқан тұрғынды риэлтор сотқа берді , деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, жылжымайтын мүлік агенттігі сотқа клиенттен тұрғын үйді сату қызметі мен айыппұл сомаларын өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінген.

Сотта анықталғандай, 2022 жылдың шілдесінде Тараз тұрғыны риэлтормен 3 бөлмелі пәтерді сату туралы келісімшарт жасасқан. Риэлтордың қызметтеріне ақы төлеу 300 мың теңге болуға тиіс еді.

Риэлтор пәтерді сату туралы хабарландыруды жариялап, сатып алушыны іздеу жұмыстарын ұйымдастырды және 2022 жылдың 4 қазанында тиісті сатып алушыға тұрғын үйді көрсетті. Сатып алушы пәтерді қарап шыққан соң, оның иесімен таныс болғандықтан, одан тікелей сатып алуды шешкен. 6 қазанда аталған пәтер риэлтордың қатысуынсыз, талап қоюшы тапқан сатып алушыға сатылған.

Талап қоюшы тарапынан міндеттемелер орындалуына байланысты, ол соттан қызметақысын өндіруді сұраған. Сотта жауапкер пәтерді сатумен жеке өзі айналысқанын, орындалған қызметтерді қабылдау-тапсыру актісінің, тиісті клиенттер тізімінің болмауы келісімшарт бойынша талап қоюшының қызмет көрсетпегендігінің дәлелі саналатынын түсіндірді. Осыған байланысты ол талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Нәтижесінде сот риэлтормен міндеттері толық көлемде орындағаны туралы қорытындыға келді. Ол жасалған мәміле мен риэлтордың ұсынысы бойынша пәтерге қарау жүргізілгенін, ол туралы пәтерді тексеру актісіне қол қойғандығын айтқан куәгердің, яғни сатып алушының айғақтарымен дәлелденді.

Сотпен талап ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден 300 мың теңге көлемінде қызметтің құны өндірілді. Ал әділдік пен парасаттылық қағидаттарын негізге ала отырып, айыппұл мөлшері 30 мың теңгеге дейін төмендетілді, – делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енді.