Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды

Дастан Жұмабекұлы

Ол ауыр жарақат алған еді

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, зардап шеккен қала тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қолда бар жағдайдың бәрін жасағанмен, өкінішке қарай, әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Әйел ауруханаға түскеннен кейін 3 сағаттан соң қайтыс болды, – деді дәрігерлер.

Ол 51 жаста болған. Жедел жәрдем қызметіне қала тұрғынының көпқабатты үйден құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17:03-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнына 4 минуттан кейін барған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.