Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік архивте құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылды

Қала әкімдігі бұл іске 10 жылда алғаш рет қаржы бөліп отыр

 Динара Амантай 14.02.2024 | 12:25
Мемлекеттік архивте құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Мемлекеттік архивте құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы мемлекеттік архиві материалдық-техникалық базаны жаңғыртып, құжаттарды қалпына келтіру зертханасын ашты. Бұл мақсатқа соңғы 10 жылда алғаш рет қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Соның арқасында көпформатты 7 сканер, 3D интерактивті кескінін жасауға арналған жүйе, микрофильмдер жүйесі, құжаттарды қалпына келтіру машинасы, 110 моноблок, 34 компьютер және т.б. жабдықтар сатып алынды. Жаңғыртумен бірге, қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен қызметкерлердің жалақысы да өсті.

Біз материалдық-техникалық базаны жаңартып, стационарлық сөрелердің орнына мобильді сөрелер алдық. Сол арқылы құжаттарды қабылдау және сақтау орны кеңейді. Сонымен қатар, былтыр мамандардың жалақысы 30% өсті, - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Қазір архивте құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылған. Әрі аудиовизуалды құжаттарды цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама