Сәтпаев қаласының әкімі жемқорлықпен ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Динара Амантай
14.02.2024 | 11:45
Сәтпаев қаласының әкімі жемқорлықпен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлімі («Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды, – делінген Антикор хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.