Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген
Түркияның Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүрді. Болжам бойынша, 9 адам үйінде астында қалған. Бұл туралы Anadolu хабарлады.
Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін мәлімдеді.
Өкінішке қарай, көшкіннен 9 қызметкер зардап шекті деген болжам бар, – деді ол.
Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, жалпы шахтада ауысыммен 667 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады.