Қаржы министрі Мәди Такиев айына қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мен жалақыммен таныстым. Елімізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша еңбекақымды аламын. Сіздің сұрағыңыз бойынша 1 млн теңгеден асады. Шамамен 1,5 млн теңге аламын. Мұнда еңбек тәжірибем ескеріледі, - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистерге берген жауабында.
Айта кетейік, Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылында дүниеге келген.
- 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясынан «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған.
- 2005 жылы Дінмұхаммед Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
- 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алды.
- Еңбек жолын 1998 жылы Ғылым министрлігі Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.
- 2000-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы;
- 2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы:
- 2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары;
- 2012-2013 жылдары – ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы;
- 2013-2014 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры;
- 2014 жылы – Премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты;
- 2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
- 2017-2019 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры;
- 2019-2020 жылдары – Ұлттық экономика вице-министрі;
- 2020-2023 жылдары – Президент әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
- 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Мәжіліс депутаты болды.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (2014), «Құрмет» орденімен (2021), сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, 3 ұлы бар.