Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі
облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.