Ақмола облысында әскери колледж кадеті суицид жасады

Халық үні

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде

Фото: Әлихан Сариев

13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, мерт болды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, - делінген хабарламада.