×

Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапармен барды

Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады

 Халық үні 13.02.2024 | 22:38
Фото: Ақорда

Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Катар мемлекетінің әмірі, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Катар мемлекетінің әмірі, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және премьер-министрі, шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама