Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Соттың үкімімен Астана қаласының тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау мақсатында алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кінәлі әйел ЖШС-ның есепшісі бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.
Іс бойынша сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.