Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Елордада қызға шабуыл жасаған ер адам Семейде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 12 ақпанда Астанада болған. Белгісіз ер адам қызға шабуыл жасаған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан ізін бірден суытқан.
Күдіктіге іздеу жарияланды.
Тиісті ақпарат алынған соң ер адамды іздеуге Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сағат 06:00 шамасында Семей қаласына кірер жолдағы «Ертіс» бақылау пунктінде Тоyота көлігінде жолаушы ретінде отырған күдікті анықталды.
Бүгінде ер адам ұсталып, астаналық полицейлерге тапсырылды.