Алматы тауларына кіруді шектейтін блок бекеттер қойылды

Динара Амантай

ТЖМ азаматтарға ескерту жасады

Фото: Halyq Uni

Алматы тауларына кіруді шектейтін блок бекеттер қойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері бойынша көшкін қаупі туралы ескерту жариялады. Осының және қарқынды жауын-шашынның түсуі негізінде 13-14 ақпан аралығында «Алматы-Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ-Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды.

Алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды және таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды сұраймыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.