Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Малахов ҚМА төрағасы болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Көкшетау қаласында туған. Білімі жоғары.
1991-1995 жылдары ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жылдары Т. Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.
2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшының орынбасары болды.
2019-2020 жылдары Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті жедел департаментінің басшысы, 2020-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы 11 қазаннан бері Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.