Еліміздің 5 облысында жолдар жабылды
16 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Бүгін сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе облысында 3 учаске:
- «Самара-Шымкент» – 610-702 шақырым, Қобда кенті-Маржанбұлақ кенті – 92 шақырым;
- «Ақтөбе-Орск» – 16-136 шақырым, Кеңес ауылы-РФ шекарасы – 120 шақырым;
- «Самара-Шымкент» – 526-610 шақырым, БҚО шекарасы-Қобда кенті – 84 шақырым.
Атырау облысында 1 учаске:
- «Атырау-Орал» – 179-189 шақырым, Индер кенті-БҚО шекарасы – 10 шақырым.
Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске:
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов қайнарлары» – 420-450 шақырым, Берел ауылы-Рахманов қайнары (шипажай) – 30 шақырым.
Жамбыл облысында 1 учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» – 159-238 шақырым, Кенен ауылы-Қайнар ауылы – 79 шақырым.
Батыс Қазақстан облысында 10 учаске:
- «Чапай-Жалпақтал-Қазталов» – 0-201 шақырым, Чапаево кенті-Қазталов кенті – 201 шақырым;
- «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» – 0-158 шақырым, Қазталов кенті-Жәнібек кенті – 158 шақырым;
- «Атырау-Орал» – 189-492 шақырым, Атырау облысының шекарасы-Орал қаласы – 303 шақырым;
- «Самара-Шымкент» – 393-526 шақырым, Жымпиты кенті-Ақтөбе облысының шекарасы – 133 шақырым;
- «Самара-Шымкент» – 195-246 шақырым, РФ шекарасы-Орал қаласы – 51 шақырым;
- «Самара-Шымкент» – 266-392 шақырым, Подстепное кенті-Жымпиты кенті – 126 шақырым;
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» – 4-104 шақырым, Орал қаласы-РФ шекарасы – 100 шақырым;
- «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» – 0-36 шақырым, Подстепное кенті-Федоровка кенті – 36 шақырым;
- «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» – 108-144 шақырым, Бурлин кенті-РФ шекарасы – 44 шақырым;
- «Орал- РФ шекарасы (Бұзылық)» – 5-33 шақырым, Орал қаласы-РФ шекарасы – 28 шақырым.
Қазір республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 729 техника және 1 мың 466 жолшы жұмылдырылды.