Halyq Uni логотип
×

Ауғанстанда аштықтың зардабын 1 млн-нан астам бала тартып отыр

Парван провинциясында балалармен қатар, аналалар да аштыққа ұшыраған

 Еркеғали Болатұлы 27.05.2022 | 15:40
Ауғанстанда аштықтың зардабын 1 млн-нан астам бала тартып отыр
фото: sputnik-tj.com

Ауғанстанда қазір 1 миллионнан астам бала тойып тамақ ішпейді екен. Бұл олардың денсаулығына зор зардабын тигізуі мүмкін.

БҰҰ мәліметінше, аштықтан әлсіреген жеткіншектер ауруханаларға көптеп түсіп жатқан көрінеді. Бұл ұйым мен басқа да көмек көрсету агенттіктері өткен жылы миллиондаған адамды тамақтандыру бағдарламасын жүзеге асырған. Ол – «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы Ауғанстанды басып алған соң аштықтың алдын алу үшін жасалған шара.

Сонымен, аталған елдегі жағдай күн өткен сайын нашарлап, кедейшілік өршіп, жәрдемге мұқтаж ауғандықтардың саны артып отыр. Ахуалдың қиындауына Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік бағасының өсуі, халықаралық донорлардың қаржыландыру уәделерінің әлі орындалмауы да себеп болып отыр.

Сондай-ақ Associated Press агенттігі Парван провинциясында балалармен қатар, аналалардың да аштыққа ұшырап жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама