×

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басшысы қамауға алынды

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады

 Халық үні 13.02.2024 | 08:42
Фото: igtipc.org

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басшысы қамауға алынды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. 

«Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басқарма төрағасын ұстады. Соттың санкциясымен оған қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына.

Айта кетейік, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, компанияның басқарма төрағасы - 39 жастағы Олжас Ағабеков.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директорлар кеңесінің құрамына экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев та кіргені белгілі. 5 ақпанда Антикор қызметкерлері Ошурбаевтың кеңсесінен құжаттарды тәркіледі.

Олжас Ағабеков президенттік кадрлық резервтің түлегі. Ұзақ жылдар Энергетика министрлігінде, кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігінде қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама