×

Алматыда ер адам көкөніс дүкенінде атыс шығарды (ВИДЕО)

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді

 Халық үні 12.02.2024 | 23:45
Фото: vsegda-pomnim.com

Желіде Алматыдағы көкөніс дүкенінде оқ жаудырған ер адамның видеосы тарады. Полиция оқиғаға пікір білдірді.

Видеода ер адамның дүкенге кіріп, оқ ата бастағанын көруге болады. Үш адам оны сабырға шақырған.

Алматы қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді. Оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған.

Алматы қаласының полиция департаменті «Бұзақылық» дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні тергеу басқармасының шешімімен «Кісі өлтіруге оқталу» санатына ауыстырылғанын хабарлайды, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ департамент заттай айғақтардың алынғанын атап өтті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама