×

Алматы облысында мотоциклден құлаған мектеп оқушысы көз жұмды

Мектеп әкімшілігі мотоциклдің баланың әкесіне тиесілі екенін білді

 Динара Амантай 27.05.2022 | 15:39
Фото: Halyq Uni

27 мамыр күні сағат 11.45 шамасында Талғар ауданының білім бөліміне қарасты Еламан ауылы №41 мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Б. Ағыбай мектеп жанынан мотоциклмен қатты жылдамдықпен келе жатып, бұрылыста бордюрге соғылған. Ол алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Талғар аудандық білім беру басқармасы хабарлады.

Оқиға болған сәтте мектеп ауласынан шығып бара жатқан жедел жәрдем қызметі бірден тоқтап, балаға көмек көрсетуге тырысты. Алайда баланың жағдайы ауыр болды. Жедел жәрдем қызметкерлері мен мектеп медбикесі балаға барынша көмек көрсетуге тырысқанымен, оны орнынан қозғау мүмкін болмаған.

Мектеп әкімшілігі бірден 102 нөміріне хабарласып, оперативті топты шақырды.

Бала таңертең 9:00-де мектепке қосымша сабаққа келіп, үйіне 10:30-да қайтып кеткен. Үйіне барып, мотоциклге мінген. Қайтып мектеп жақтан өтіп бара жатқанда осы оқиға болды. Бұрын мектепке мотоцикл мініп келмеген. Мектеп әкімшілігі баланың әкесімен сөйлесіп, мотоциклдің баланың әкесіне тиесілі екенін білді. Бірақ ол баласына мотоциклге мінуге рұқсат бермеген екен, – деп мәлімдеді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л. Құрманбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама